×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Данат Намазбаев мерзімінен бұрын түрмеден шыға алмайтын болды

04.01.2024, 09:53
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл туралы депутат Ермұрат Бапи Данат Намазбаевтың адвокаты Жанар Балғабаеваға сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.

– Данат Намазбаевты УДО-ға шығару жөнінде адвокат Жанар Балғабаеваның шағымымен Қонаев облыстық сотының отырысы өтті. Қазақтардың намысын қорғап, Фейсбукта орыс шовинистерімен дискуссияға үшін сотты болған Данаттың жазасын жеңілдету жөніндегі өтініш қабылданбады. Өкінішті! Президент Тоқаевтың "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында айтылған ізгі пікірлерден кейін, тиісті жазалаушы органдар мейірбан шешім қабылдауы керек еді. Олай болмады! Яғни, қоғамды шеңгелдеп ұстауды мақсат еткен "қырғилардың" үстемдігі әлі де жүріп тұр деген сөз! Сондықтан реформалар әлі де жалғасуы керек, Президент мырза! Біздегі өзгерістердің ауылы әлі де алыс! – деп жазады депутат Ермұрат Бапи әлеуметтік желіде.

Еске сала кетейік, «ұлтаралық араздықты қоздырды» деген айыппен жазасын өтеп жатқан белсенді Данат Намазбаев түрмеден хат жазып, «шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды күтетінін» хабарлаған еді.

Данат Намазбаев деген кім

Белсенді бірнеше рет ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға қарсы агрессивті шабуылдарына қарсы шығып, Ресей Федерациясымен интеграциялық байланысты нығайтуға белсенді түрде қарсылық білдірді, сондай-ақ Ресейдің Украинаға басып кіруін сынады.

Ол не үшін түрмеде отыр

2022 жылдың 14 наурызында Алматының Алмалы аудандық соты Данат Намазбаевты, сондай-ақ белсенді Марғұлан Боранбайды әлеуметтік желідегі жазбалары үшін бес жылға бас бостандығынан айырды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабының 2-бөлігі: «Билікті басып алуға немесе ұстап тұруға, сол сияқты билікті тартып алуға немесе ұстап қалуға не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге үгіт-насихат жасау немесе жария ету» бабы бойынша сотталған болатын.

Намазбаевты қолдайтын депутаттар сөз сөйледі

2023 жылдың сәуірінде мәжіліс депутаттары Ермұрат Бапи мен Абзал Құспан Намазбаев пен Боранбаевтың қылмыстық істерін жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қайта қарау қажет деп мәлімдеді. Олар сотталғандардың ниеті сепаратистерден ұлттық мүдделерді қорғау екенін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары