×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Майқайыңда аударылған автобус әлі бес метр топырақтың астында жатыр

09.01.2024, 11:54
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл туралы үкіметтің баспасөз орталығында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Автобус аударылып қалғаннан кейін оның астында бос орын қалыптасқан. Сол себепті оны алып шығу да оңай емес. Десе де біз автобустың нақты орналасқан жерін және бос орындарды анықтау үшін геосканерлеу мүмкіндіктері бар барлық бөлімшелерді жұмысқа тарттық. Автобус бұдан ары ауып кетпейтініне сенімді болуымыз керек. Қазір шұңқырдың түбіне түсіп, автобусқа жету үшін жер жұмыстарын жүргізу мақсатында ауыр техника жұмыс істейді, – дейді министр.

Оның сөзінше, автобусқа дейін шамамен 5 метр қалған.

– Ақырындап оған түсу керек. Ең бастысы, құтқарушылар мен жер қазумен айналысатын жұмысшылар үшін барлық қауіпсіздік шараларымен, сақтандырумен қамтамасыз ету керек. Бұл процес оңай емес, нақты қай күні, қай сағатта алып шығу туралы айтқан әлі ерте. Жұмыс өтіп жатыр, сканерлеу үшін кейде жұмыс тоқтатылады. Жұмысты орындау үшін қауіпсіз жағдайдың бар екеніне көз жеткізу керек. Ең бастысы, біз тоқтамаймыз, автобусты алып, сол жердегі екі адамды - бір құтқарушы мен жүргізушіні алып шығуымыз керек, – дейді Шәріпханов.

Министрдің сөзінше, мұндай апат Қазақстанда тіркелмеген.

– Қазақстанда ондай жағдай болған емес, сондықтан тәжірибе де жоқ... Біз қазір әлемдік тәжірибені зерттеп жатырмыз. Ауаның қалуы екіталай... Мұнда топырақты тазарту және автобусқа жету үшін техниканы қолдану қажет. Топырақты тек экскаваторлар мен басқа техниканы қолдана отырып тазарта аламыз, топырақты алып тастап қана автобусты алып шыға аламыз, – дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, автобуспен бірге жер астына түскен төрт адамның екеуінің денесі шығарылған. Балқаштан жеткізілген еліміздегі жалғыз құрылғы - америкалық өнеркәсіптік радиолокация автобустың жатқан жерін анықтап берген еді. «Майқайыңалтын» кен орнында бірнеше күн бұрын ішінде төрт адам бар автобус құлап кеткен еді. Екі адамның денесі шығарылған.

Серіктес жаңалықтары