×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Алматы облысында жаңа қала пайда болды

09.01.2024, 16:49
Inbusiness.kz

Алматы облысында облыстық маңызы бар жаңа қала пайда болды. Қасым-Жомарт Тоқаев "Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, енді Алматы облысының Іле ауданындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала қатарына жатқызылады. Оның жаңа атауы – Алатау қаласы.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жетіген (1993 жылға дейін – Николаевка) – Жетіген ауылдық округінің әкімшілік орталығы. Алматы қаласының орталығынан солтүстікке қарай 47 километр жерде орналасқан.

Ауыл іргесі 1959 жылы “Рассвет” сүт өндіру кеңшарының құрылуына байланысты қаланды. 1997 жылдан оның негізінде өндірістік кооператив, серіктестіктер мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.

2009 жылғы халық санағы бойынша ауылда 15 616 адам (7 740 ер адам және 7 876 әйел) тұрды.

5 балабақша, 3 орта жалпы білім беретін мектеп, емхана, православ және католик шіркеулері, мешіт бар. Ауылда аттас теміржол вокзалы жұмыс істеп тұр. Ауылдың солтүстігінде Жетіген аэродромы орналасқан. Ауылда аэродром қызметкерлеріне арналған шағын әскери қалашық та бар.

Серіктес жаңалықтары