×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Павлодарда француз компаниясына 100 млн теңге заңсыз салық салынған

10.01.2024, 08:47
Фото: Ашық дереккөзден

Бас прокуратура Қазақстанда француз инвесторының құқығы қорғалғаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құзырлы орган «Kazakh Invest» ҰК» АҚ (Task Force) бірлескен жұмысы шеңберінде 2018 жылдан бастап Павлодар мұнай-химия зауытында сутектерді өндіру жөніндегі жобаларды іске асыратын «Air Liquide» француз инвесторының проблемасын анықтаған. Аталған француз компаниясы өнеркәсіп, денсаулық сақтау және экология үшін газ өндіруде әлемдік көшбасшы. 

– Павлодар облысының салық органдары инвестордың атына 99,8 млн теңге сомасына қосымша құн салығын және кедендік баж төлеу туралы хабарламаны заңсыз енгізген. Инвесторға импортталатын тауардың жіктелуін дұрыс анықтамаған. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 3 күн ішінде хабарлама жойылды. Жол берілген бұзушылық үшін Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - делінген бас прокуратура хабарламасында.

Жалпы прокурорлар инвесторлардың 85 проблемалық кейсін шешкені хабарланады.

Серіктес жаңалықтары