×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Маңғыстауда аққулар әлі қырылып жатыр - кім кінәлі

12.01.2024, 09:30
Коллаж Ulysmedia

Мамандар күн сайын Маңғыстаудағы Қаракөл көліне тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алғашқы зерттеудің нәтижесі қандай

Қаракөл көлінен табылған өлі аққулардың саны мыңға жуықтап қалды.

"21 желтоқсаннан 9 қаңтарға дейін 870 аққу табылып, көзі жойылды. Қаракөл көлін зерттеу күн сайын жүргізіледі. Қазір аймаққа келген орнитологтар жүргізетін қосымша зерттеулердің нәтижелері күтілуде. Алғашқы зерттеулердің нәтижелері аққулардың құс тұмауының салдарынан қырылғананын анықтады", - деді орман және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов.

Қонақ үй басшылығының айтары бар

Экология департаменті Rixos Water World Aktau қонақ үйін тексеру нәтижесінде Қаракөлге төгілген сулар арқылы ластаушы заттардың асып кетуі анықталғанын еске салды.

Бұған дейін Rixos Water World Aktau қонақ үйінен Қаракөл көліне ағынды сулар ағызылатыны расталған болатын. Қонақ үйдің бас менеджері олардың жеке кәріз жүйесі және қоршаған ортаға шығаруға рұқсаты бар екеніне сендірді.

Сәл шегініс...

Бұған дейін өлген аққулардың саны туралы ақпарат күн сайын жаңарып жатқанын жазған едік. 5 қаңтарда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері 506 аққудың өлексесін тапқан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қаракөл көлінің жағасында 30 аққудың өлексесі табылғаны хабарланған болатын. Бұл факті бойынша сараптама нәтижелері жарияланды.

Қаракөл көліндегі жағдайды видеоға түсірген Ақтау тұрғыны Азамат Сәрсенбаев өлген құстардың саны ресми мәліметке қарағанда едәуір көп екенін айтты.

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Қаракөл көліндегі аққулар қоректің тапшылығынан өліп жатқанын мәлімдеді. Мамандардың пікірінше, аққуларды құтқару үшін құстарды тамақтандыруды шұғыл түрде ұйымдастыру қажет. Алайда бюджетте бұған қаражат көзделмеген, сондықтан басқарма демеушілер мен еріктілерді құстарды құтқаруға шақырады.

Серіктес жаңалықтары