×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Газада ажал құшқан палестиналықтар саны 23 469-ға жетті

13.01.2024, 11:04
Коллаж Ulysmedia

Израильдің Газа секторына бағытталған шабуылдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 23 469-ға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

Анклавтың денсаулық сақтау министрлігі өкілінің мәліметінше, Израиль армиясы 150 медициналық мекемеге зақым келтірген, оның 30-ы толығымен істен шыққан. Қаза тапқандардың ішінде 330-ға жуық дәрігер бар. Израиль әскерилері 99 палестиналық дәрігер мен кіші медициналық қызметкерді ауыр жағдайда тұтқында ұстап отыр.

Естеріңізге салсақ, 7 қазанда Палестинаның ХАМАС қозғалысы "Әл-Ақса дауылы" операциясы аясында Израильге зымыранмен шабуылдады.

Осыдан кейін ұйымның жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралас аймақтарына еніп, 200-ден астам адамды кепілге алды. Израильде, биліктің соңғы мәліметі бойынша, шамамен 1,2 мың адам қаза болды, олардың қатарында бейбіт тұрғындар, сарбаздар, шетелдік азаматтар мен жұмысшылар бар. Сонымен қатар 5 мыңнан астам адам зардап шеккені туралы хабарланды.

Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс армиясы Газа секторындағы Хамасқа қарсы "Темір қылыш" операциясын бастады. Бірнеше күн ішінде Израиль әскери күштері Газа шекарасындағы барлық елді мекенді бақылауға алып, сектор аумағындағы нысандарға, соның ішінде азаматтық нысандарға әуеден соққы жасай бастады. Сондай-ақ Израиль Газа секторының толық блокадасын жариялады: су, азық-түлік, электр энергиясы, дәрі-дәрмек, отын жеткізу тоқтатылды.

Қазан айының соңында анклавтағы Израиль операциясының жердегі кезеңі басталды. Газа қаласын Израиль құрлық күштері қоршап алды, ал анклав іс жүзінде оңтүстік және солтүстік бөліктерге бөлінді.

Серіктес жаңалықтары