×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Мерген Никита Чирюкин Азия чемпионы атанды

13.01.2024, 17:47
туризм және спорт министрлігіор

Индонезия астанасы Джакарта қаласында оқ атудан лицензиялық Азия чемпионатында отандасымыз  Никита Чирюкин Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Rapid fire Pistol» жаттығуында Никита Чирюкин 584 ұпай нәтижесімен финалға жолдама алып, олимпиадалық квотаны жеңіп алған еді.

Финалдық сайыста спортшы өзінің бірінші позициясын ұстап, Азия чемпионы атанды.

Естеріңізге салсақ, Париж жазғы Олимпиадасының басталуына алты айдан астам уақыт қалды. 26 шілдеде жалауы желбірейтін дүбірлі додаға әлемнің 200-ден аса елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады.

Париж Олимпиадасына дейін 90-ға тарта лицензия таратылатын турнир бар. Бұл ретте, отандастарымыз көп жолдамаға қол жеткізіп, Франция төрінде жасындай жарқылдайды деген сенім мол.

Серіктес жаңалықтары