×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

"Номад" хоккейшілері құрлықтық кубоктың иегері атанды

14.01.2024, 15:08
"Барыс" ХК

Астаналық "Номад" хоккей клубы биылғы құрлықтық кубокты жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Финалдық турнирде "Номад" хоккейшілері алғашқы екі ойында қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, кубокты жеңіп алуға қажетті ұпай санын алдын ала жинап алды. Олар алдымен "Кардиффті" (5:2), одан кейін "Хернинг Блю Фоксты" (7:2) тізе бүктірді. Осылайша, соңғы айналымның алдында алты ұпайға ие болды. Ал "Номадтың" негізгі қарсыласы - "Катовице" Уэльстан келген командадан 2:3 есебінен ұтылды. Енді, "Номадты" жеңсе де, алты ұпай жинай алмайды.

"Кардифф" хоккейшілері астаналық командамен ұпай саны жағынан теңесе алады, бірақ "Номад" оларды бір рет жеңген. Осы басымдықтың арқасында "Номад" алға шығып тұр.

Осылайша, "Номад" құрлықтық кубокты мерзімінен бұрын жеңіп алды. Олар мұндай жеңіске осымен екінші рет қол жеткізіп отыр.

Жалпы, хоккей клубтарындағы ойыншылардың айлығы әлеуметтік желіде қызу талқыланатын тақырыптардың бірі. Ойыншылардың айына 30-40 млн, жылына 400 млн теңгеден асыра ақша алуына қарсылар көп. Бұл қаншалықты әділетті және өзін-өзі ақтай ма? Экс-министр Асхат Оралов қызметте отырған кездегі жауабы қандай болған еді?

Серіктес жаңалықтары