×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Ресейде «орыс қыздарының бәрі біздікі»: деген блогер үйқамаққа алынды

20.01.2024, 16:10
Фото: Мәскеу прокуратурасы

Мәскеу соты Тәжікстаннан келген блогер Салмон Раджабзодты (Джумабой атымен танымал) үйқамаққа жіберді. Сот оны этникалық араздықты қоздырды деп айыптаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Джумабойға араздықты қоздырды деген айып тағылды (Ресей қылмыстық кодексінің 2-бөлімі, 282-бабы). Егер сот блогердің кінәсін дәлелдесе, ол алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тергеу Раджабзода орыс тілді адамдар тобына теріс көзқараспен славян ұлтының қыздарын қорлау элементтері бар бейнені түсіріп, интернетте жариялады деп мәлімдейді. Қудалаудың негізі "жақында орыс қыздарының бәрі біздікі болады" және "Наташкамен кайфта болдым" деген сияқты сөздері себеп болған.

Блогердің өзі видеодағы дауыс "менікі емес" деп мәлімдейді.

Бұған дейін тағы бір ресейлік блогер Сергей Косенко баланы қар құрсауына тастаған видеосын жариялаған болатын. Оның да айыбы дәледенсе, оған 100 мың рубль айыппұл салынады немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Блогердің өзі кадрларда нағыз нәресте түсірілмегенін айтады. Оның сөзінше, оның орнына қуыршақ қолданылған, оған монтаждау арқылы бет-әлпет салынған.

Серіктес жаңалықтары