×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қырғызстан мен Қытай шекарасында тағы жер сілкінісі болды

23.01.2024, 07:44
Қырғызстан мен Қытай шекарасында тағы жер сілкінісі болды
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда ол сезілмеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл жолғысы Алматыдан 277 шақырым жерде болған

Сейсмика станциялар желісі жер сілкінісін 23 қаңтарда сағат 7:18-де тіркеді. Эпицентр Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 5,5 болды. Ол бес шақырым тереңдікте тіркелген. Қазақстанда жер сілкінісі болған жоқ.

Түнде сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия түн ортасынан кейін Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған жер сілкінісінің кейінгі дүмпулері басылғанын хабарлады.  Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының сейсмологиялық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы «Алматыда жуық арада жер сілкінбейді» деп сендіреді.

Алматыдағы жер сілкінісі

Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 8 адамның жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты

Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді:

  • Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
  • Сілкініс кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз;
  • Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз;
  • Сенімді, берік орын табыңыз: егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;
  • Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – дүмпу тоқтағаннан кейін);
  • Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Алдын ала дайындалған шұғыл сөмкені алыңыз;
  • Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
  • Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.