×
441.8
480.02
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.8
480.02
4.88

Ендеше бүкіл аңшылықты тоқтатайық – министр "буаз киіктерді атып жатыр" деген сөзге

23.01.2024, 10:28
Коллаж: ulysmedia.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев "буаз киіктерді атып жатыр" деп мәселе көтерген азаматтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Қазақстанда қазір 2,5 млн киік бар. Тек буаз киіктер жайлы айттыңыз. Қыркүйектің желтоқсанның аяғына дейін аңшылыққа рұқсат етеміз. Қараңыздаршы: тамызда қабан төлдейді. Қыркүйекте елік, тауешкі күйлейді. Жалпы аңдардың көбі қарашаның ортасында күйлейді. Әлемде аңшылық жасайтын мерзімде көп аң күйлейтін кезеңде болады. Сол себепті біз биологиялық ғылыми негіздеме аясында жұмыс істеп жатырмыз, – дейді Ерлан Нысанбаев үкіметтің баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, киікті ату ақпан айынан бастап тоқтатылады.

– Тек киікті буаз күйінде атып жатыр деуге болмайды. Ендеше жалпы аңшылықты тоқтатайық. Тек киікті ғана буаз кезінде атса бір мәселе. Мен де ондайға бармас едім. 2,5 млн киік бар. Өсімтал аң бұл. Ұрғашы лақ мамырда туса, сол жылдың желтоқсанында, жеті айында күйлейді. Өсімтал мал. Қаншалықты теріс ықпалын диқаншылар көріп отыр. Биыл мамырда 40 пайыз төлдейді, – дейді ол.

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйекте ақбөкендер Қазақстанда реттеуге жататын жануарлар тізіміне енгізілді. Экология және табиғи ресурстар министрлігі тиісті бұйрыққа былтыр қыркүйекте қол қойған еді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығына сәйкес, ақбөкендерден басқа, саны реттелетін жануарлар тізіміне қасқырлар, шибөрілер, қарғалар, үлкен корморанттар, жыланбас балықтар енді. Тізімдегі жануарлардың саны халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа үй жануарларының ауруларынан қорғау, қоршаған ортаға зиян келтірмеу мақсатында реттелмек.

Бұйрық 2023 жылдың 6 қазанынан бастап қолданысқа енген.

Серіктес жаңалықтары