Жерлесіміз Асылжан Арыстанбекова турнирдің жұптық сынында Юлия Перепихинамен (Беларусь) бірге жапон қыздарынан құралған Киносита-Сонобе жұбы 6:4, 2:6 және шешуші супер тай-брейкте 10:7 есебімен ұтып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Қыздар ширек финалда Клагмен – Сюй (Ұлыбритания) дуэтімен ойнайды.
Сондай-ақ, АО Juniors турнирінің жекелей сынында тағы бір Қазақстан үміті Әмір Омарханов ертең үшінші айналымдық матчын өткізеді. Қарсыласы Оңтүстік Корея теннисшісі Жаңжун Ким.
Айта кетейік, Рыбакина жеңілсе де Аустралия ашық біріншілігі біз үшін әлі біткен жоқ. Себебі ертең турнир аясында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге арналған Australian Open Junior Championships болып жатыр.
Аталмыш жарыстың негізгі кестесінде екі бірдей теннисші қазақ елінің намысын қорғамақ. Олар Қарағанды тумасы Әмір Омарханов (16 жас) пен алматылық Асылжан Арыстанбекова (17 жас).
Бұған дейін Қарағанды тумасы Әмір Омарханов турнирдің бірінші нөмірлі ойыншысы Федерико Чинаны ұтып кеткен еді.