×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ақтөбедегі мектептерге шабуыл жасау қаупі: хабарлама авторы анықталды

26.01.2024, 09:40
Фото: Pixabay

Атырауда да осындай хабарламалар тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полицейлер қоқан-лоққы сөздер айтылатын хабарламалардың авторын анықтады. Ол «көрші елдердің бірінің тумасы», 18 жастағы жасөспірім болып шықты. Полиция департаменті басқа мәліметтерді жарияламады.

Полиция білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті күшейтті, соның ішінде бейнебақылау және полицияның болуын күшейтті. Білім беру ұйымына кірген-шыққандар бақылауға алынды, - деп сендірді тәртіп сақшылары.

Ал Атырау облысында да осындай қоқан-лоққы хабарламалар түсіп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары үрейленбеуге шақырды.

Мектептер қалыпты режимде жұмысын жалғастырады. Ақпарат жалған, осындай ақпарат бірқатар қалада таралып, расталмады, — деп жазды Жасұлан Бисембиев.

Еске сала кетейік, 25 қаңтарда Telegram желісінде «Конец Актобе» деп аталатын арна пайда болды. Автор Ақтөбе мектептерінде қырғын жасағысы келетінін мәлімдеген. Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады. Мектепте сабақ тоқтатылған жоқ.

Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын ғана Ресейде осындай хат-хабарлар болған. Содан кейін Ресей полициясы «бұл бүкіл ел бойынша қылмыскерлердің арнайы акциясы. Балалардың парақшалары бұзылып, осындай жалған жаңалықтар ашылады» деп мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары