×
450.61
488.91
4.97
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
450.61
488.91
4.97

Финляндияда президент сайлауы өтіп жатыр

28.01.2024, 17:53
m24.ru

Бүгін, 28 қаңтарда Финляндияда президент сайлауы өтіп жатыр. Ел азаматтары 13-ші мемлекет басшысын сайлайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Финляндияда 5,5 миллион халық тұрады, оның 4,5 миллионға жуығы дауыс беру құқығына ие. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00-де (Астана уақыты бойынша 13:00) ашылып, 20:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша 00:00) жұмыс істейді.

Үміткерлердің бірі жеңіске жетсе, жаңа президенттің инаугурациясы 1 ақпанда өтуі керек.

Үміткерлердің ешқайсысы 50 пайыздан астам дауыс жинай алмаса, ең жоғары нәтиже көрсеткен екі үміткер ақпанның 11-іне белгіленген екінші турға өтеді.

Финляндияда президент алты жылдық мерзімге сайланады. Финляндияның қазіргі президенті Саули Ниинистё ең көбі екі мерзім қатарынан сайланған соң мемлекет басшысы ретіндегі қызметін аяқтайды.

Президенттікке тоғыз кандидат ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары