×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Australian Open турнирін 22 жасар Янник Синнер жеңді

28.01.2024, 18:09
Australian Open сайты

Ерлер арасында Аустралия ашық біріншілігінің жеңімпазы анықталды. Ол 22 жасар Италия теннисшісі Янник Синнер, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ақтық сында бес сеттік матчта Ресей теннисшісі Данил Медведевті 3:6, 3:6, 6:4, 6:4, 6:3 есебімен жеңіп, мансабындағы алғашқы Үлкен Дулыға титулына қол жеткізді.

Сондай-ақ Ашық Эрада осындай үлкен жетістікке жеткен екінші италияндық теннисші атанды.

Үлкен Дулыға титулы жолында жартылай финалдық кездесуде 10 дүркін АО чемпионы әйгілі Новак Джоковичті ұтып кеткен еді.

Янник Синнер осы жеңісі үшін 3,15 млн Аустралия доллар сыйақы алады.

Естеріңізге салсақ, Аустралия ашық біріншілігіндегі ең басты үмітіміз, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина турнирдің екінші айналымында Ресей теннисшісі Анна Блинковадан 3 сет, супер тай-брейк нәтижесінде ұтылып қалған болатын.

Серіктес жаңалықтары