×
451.31
487.32
4.9
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
451.31
487.32
4.9

Биыл киікті әуесқойларға да атуға рұқсат бергелі жатыр

29.01.2024, 12:24
Коллаж: ulysmedia.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылы киікті атуға әуесқойларға да рұқсат беру мәселесін пысықтап жатыр. Ведомство Ulysmedia.kz порталына берген ресми жауабында осылай дейді.

Киіктерді күзде де атады

«2024 жылы киікті ату жалғаса ма?» деген сұраққа министрлік Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеттің «2024 жылы Қазақстанда киік популяциясын басқару жөніндегі биологиялық негіздемеге сілтеп жауап береді. Ол құжатта 2024 жылдың 10 қаңтары мен 29 ақпаны аралығында киіктің санын азайту керектігі жазылған. Қазір «Охотзоопром» қызметкерлері киіктердің санын реттеп, яғни атып, азайтып жатыр.

– Киіктерді реттеу жөніндегі іс-шара биыл қыркүйек пен қараша айларында жалғасады. Сонымен қатар, министрлік 2024 жылы киікті атуға әуесқойларға да (спорттық) рұқсат беру мәселесін пысықтап жатыр. Осыған байланысты қолданыстағы регламентке сәйкес, министрлік киіктерді аулауға мәселесін реттейтін бірқатар нормативті-құқықтық актіні әзірледі. Тиісті жобалар «Ашық НҚА-да» жарияланды, – делінген жауапта.

Киікті қашаннан бері ата бастады?

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйекте ақбөкендер Қазақстанда реттеуге жататын жануарлар тізіміне енгізілді. Экология және табиғи ресурстар министрлігі тиісті бұйрыққа былтыр қыркүйекте қол қойған еді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығына сәйкес, ақбөкендерден басқа, саны реттелетін жануарлар тізіміне қасқырлар, шибөрілер, қарғалар, үлкен корморанттар, жыланбас балықтар енді. Тізімдегі жануарлардың саны халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа үй жануарларының ауруларынан қорғау, қоршаған ортаға зиян келтірмеу мақсатында реттелмек.

Бұйрық 2023 жылдың 6 қазанынан бастап қолданысқа енген.

Серіктес жаңалықтары