×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Пентагон Украинаға жоғары дәлдіктегі GLSDB бомбаларын берді

31.01.2024, 13:58
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы брифингте Пентагон өкілі Патрик Райдер хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz,

150 шақырым жердегі нысанды дәлдікпен жояды

Қауіпсіздік мақсатында бомбалардың нақты қашан берілген күні аталмайды. Бірақ былтыр Украинаға GLSDB берілетіні хабарланған еді. Қару жаңа болғандықтан, ол сынақтан өтуі керек еді.

GLSDB (Ground-Launched Small Diameter Bomb) - бұл электронды кедергілерден өтіп, 150 шақырымға дейінгі нысанды жаруға қабілетті әуе бомбасы.

Соғыс қашан басталды?

Еске сала кетейік, Ресей әскері 2022 жылдың 22 ақпанында Украинаға бірнеше бағытта басып кірген еді. Содан бері екі ел бітіспей соғысып жатыр. Екі жақтан он мыңдаған құрбан бар.

Таяуда Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Батыс елдерінің қолдауы болмаса да, Украина берілмейтінін ескерткен.

Серіктес жаңалықтары