×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Майқайыңдағы құтқару жұмыстары тоқтауы мүмкін бе

03.02.2024, 09:54
ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысында «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы опырылу орнында топырақ пен тау жыныстарын қайта экскавациялау жұмысы жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құтқарушылардың өміріне қауіп төніп тұр

Ведомствоның дерегінше, қазір аумақтағы опырылу орнының барлық периметрі бойынша жарықтар пайда болған. Бұл өте қауіпті.

Магнитометрмен және геосканермен топырақты зерттеу кезінде «GRP-Ridder-Group» ЖШС мамандары объектінің орналасқан жерінде құлау ықтималдығы жоғары деген қорытынды берді.

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын тұтастай немесе олардың бір бөлігін тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқығы бар кеніштің басшылығы басқарады. Ол бірінші кезектегі тәртіппен төтенше жағдай аймағындағы адамдарды құтқару бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдайды.

Оқиғаның мән-жайы

Еске сала кетсек, биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» компаниясы кенішінің шұңқырына автобус құлаған болатын. Автобуста жүргізуші мен үш құтқарушы болған. Сол күні төтенше жағдайлар министрлігі құтқару бөлімшелері қаза тапқан екі адамның денесін тауып, алып шыққан. Екі адам әлі табылмай жатыр.

4-22 қаңтар аралығында құлаған жерге айналма жол жасалды. Жарылыс жұмыстары жүргізілді. Өткелді кеңейту және тереңдету кезінде екі жүз мың тоннаға жуық топырақ пен тау жыныстары әкелінді. 18 қаңтарында экскаватордың көмегімен автобус корпусының бір бөлігі, жеке заттар, жоғалған адамдардың құтқару жабдықтары табылып, жер бетіне шығарылған.

Ал Бас прокуратураның ақпаратына қарағанда, полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары