×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

UFC басшысы Қуат Хамитовтың пікірін қолдады

03.02.2024, 16:34
Ашық дереккөзден

Қазақстандық ММА боксшысы Қуат Хамитов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын сынап жүретіні белгілі. Футболшыларға UFC басшысы Дана Уайттың да жұлдызы қарсы сияқты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Дана Уайт бұған дейін өзінің әлеуметтік желісінде футболшыларды сынаған бейнежазбасын жариялаған болатын.

"Мен футболға шыдай алмаймын. Менің ойымша, бұл ең қарапайым спорт түрі. Тіпті үш жасар балалар да футбол ойнай алады. Жүгіре алады, қақпаға доп та соғады. Маған "Егер Бразилияда болсаңыз, бұлай айтпас едіңіз" дейді. Мен мұны кез келген елде айтар едім. Сізге қақпасы соншалықты үлкен және есеп 3:1 болатын ойын ойнау қызық емес", - деді Уайт.

Осы жазбадан кейін: "Тіпті Дана менімен келіседі", - деп масаттанды Хамитов.

Айта кетейік, Қ.Хамитовтың пайымынша, футболшылар алып отырған жалақыларын ақтамайды және спорттағы жетістіктері де жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары