×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қазақстанда 12 жасқа толған балаларға вакцина салынады

26.10.2021, 22:29
Фото: ашық дереккөз

Келер айдың соңында 12 жасқа толған балаларға коронавирусқа қарсы екпе салына бастайды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

24kz-ның мәліметінше, бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері айтты.

Ол үшін елге арнайы Pfizer компаниясының вакцинасы әкелінеді. Екпе медициналық мекемелерде ғана салынады. Ол үшін ата-аналар жазбаша түрде рұқсат беруге тиіс. Екпе салмас бұрын әр баланың денсаулығы тексеріледі. Вакцинаның дозасы 0,3 миллилит.

Дәрігерлердің айтуынша, қан аурулары, сал ауруына шалдыққан, Даун синдромы бар жеткіншектерге де вакцина салдыруға болады.

«Балалар тек қана тасымалдаушы болады екен, оларда коронавирус жеңіл өтеді екен деген тағы бір түсінік бар. Баланың ағзасына  вирустың қомақты дозасы түссе, ол ауыр деңгейде өтуі мүмкін. Халық арасында дұрыс түсінік болуы қажет. Бұл вакцина балаларымыздың денсаулығына коронавирустың зардабын төмендетеді», - дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ҰО басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева.
 

Серіктес жаңалықтары