×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға тағы 20 мектеп салынады

06.02.2024, 15:04
Жемқорлардан тәркіленген қаржыға тағы 20 мектеп салынады
gov.kz

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 15 мыңға жуық оқушыға арналған 20 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынатын білім беру нысандарының тізімі ведомствоның сайтында жарияланған. Олардың қатарында:

- Апатты мектептерді ауыстыратын 2740 оқушыға арналған 5 мектеп құрылысы (екі ауысымда);

- Үш ауысымда оқытуды жою үшін 1200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда);

- Оқушы орынының тапшылығын жою үшін 8976 оқушыға арналған 11 мектептің құрылысы (екі ауысымда);

- Тозығы жеткен мектепті ауыстыратын 200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда);

- Екі мектепке қосымша корпус салу (мәжіліс және спорт залдары, асханалар).

Шымкент қаласында, Жетісу және Қызылорда облыстарында үш мектептен, Жамбыл облысында төрт мектеп, Астана қаласы мен Алматы облысында екі мектептен, БҚО, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бір мектептен салынады.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан 96 млрд теңгеге 76 738 оқушы орынына арналған 62 жоба қаржыландырылған болатын.

Ал, 2023 жылдың қорытындысы бойынша жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынған 43 мектеп ашылды.