×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

АҚШ сенатында Украинаға көмек туралы заң жобасы бұғатталды

08.02.2024, 09:18
АҚШ сенатында Украинаға көмек туралы заң жобасы бұғатталды
AP

Республика партиясының өкілдері сенатта (АҚШ Конгресінің жоғарғы палатасында) 118 млрд долларлық ұлттық қауіпсіздік жөніндегі шаралар пакетін көздейтін заң жобасын бұғаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дауыс қалай берілді

Заң жобасын 49 сенатор қолдап, 50-і қарсы дауыс берді.

Құжат, атап айтқанда, Украинаға көмектесу үшін 60 млрд доллар, Израильге көмектесуге 14 млрд доллар, сондай-ақ АҚШ – Мексика шекарасын нығайту үшін 20 млрд доллар бөлуді қарастырады.

Заң жобасы бұғатталғаннан кейін көпшілік дауыс иесінің жетекшісі, демократиялық сенатор Чак Шумер АҚШ шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларынсыз шетелдік көмек пакетін қарауға шығарды.

Тарихы

2023 жылдың күзінен бастап ішкі саяси келіспеушіліктер жағдайында конгрес Украинаға, Израильге, Тайваньға әскери көмек үшін 100 миллиард доллардан астам қаражат бөлуге, сондай-ақ АҚШ-тың оңтүстік шекарасын нығайтуға өзара келісе алмай келеді.

6 ақпанда АҚШ конгресінің өкілдер палатасы республикашылар дайындаған Израильге 17,6 миллиард доллар көмек бөлу туралы заң жобасын қабылдамаған еді.