×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Өз пікірін айтуға қақы бар: ІІМ "әйелдердің тілі ұзын" деген депутат жайлы

08.02.2024, 13:06
Өз пікірін айтуға қақы бар: ІІМ "әйелдердің тілі ұзын" деген депутат жайлы
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәжіліс депутаты Анас Баққожаевтың "тілі ұзын" әйелдер отбасылық жанжалдарға кінәлі деген мәлімдемесі жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенат кулуарларында Игорь Лепехадан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейту туралы заң қабылдауға тырысып жатқан депутаттардың осындай мәлімдемелеріне қалай қарайтыны сұралған.

– Мен депутаттың ұстанымына түсініктеме бере алмаймын, өйткені әрбір азамат, әсіресе депутат өз ұстанымына құқылы. Бірақ жалпы депутаттық ортада бұл мәселеде тәртіп орнату керек деген ортақ пікір бар, - деді министрдің орынбасары.

Ол сондай-ақ Баққожаевтың ұстанымын ІІМ тыңдап, ескергенін атап өтті.

– Шамасы, ол өмірде кездесетін кейбір жағдайды мысалға келтірсе керек. Әлде нақты біреуді айтты ма, білмеймін, - деп атап өтті Лепеха.

Қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлде қарсылық болып жатқанда депутаттардың мұндай пікірі қаншалықты дұрыс деген сұраққа Лепеха "ІІМ мәжілісмендердің сөзіне баға беруге құзыреті емес" екенін айтты.

– Менің ойымша, әрбір азамат қолданыстағы заңнаманы бұзбаса, өз пікірін айта алады. Өйткені, бұл оның жеке ұстанымы. Егер бұл ұстанымда қолданыстағы заңнаманы бұзатын еш белгі болмаса, онда мен ұят дейтіндей ештеңе таппаймын, - деп қосты Игорь Лепеха.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жаңа заң жобасының тұсаукесері барысында отбасылардағы қақтығыстар көбінесе "әйелдердің ұзын тілінен" туындайтынын айтқан болатын.