×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Үйлер қалай әп-сәтте үйіндіге айналды немесе Тау-Самалдағы апат үшін кім жауапты

09.02.2024, 09:00
Фото: Ulysmedia.kz

Алматыда түн жарымында төрт адам қаза тапты. Алаңсыз өз үйінде ұйықтап жатқан екі ересек пен екі бала ажал құшты. Медеу ауданында төтенше жағдайлар департаменті "лай көшкіні" деп атаған құбылыстың салдарынан екі жер үй үйіндіге айналған. Олардың бірінде қайтыс болған отбасы өмір сүрген. Ulysmedia.kz тілшісі сол жерге барып, оқиға орнын өз көзімен көріп қайтты.

Дәулеттілер ауданы

Тау Самал шағын ауданы дәулетті отбасылар тұратын аудан. Ақшасы барлар тұтас сарайларды тұрғызып алған. Тау бөктерінде үй салудің өзі қауіпті екені ешкімге құпия емес, бірақ оңтүстік астанада биіктерде ғана ауа әлдеқайда таза деген пікір бар. Сондықтан қалталылар, ең болмағанда тау баурайында коттедж салып алуға құмар.

Ауданда тұратын ескікөз қарттар таудың да киесі, мінезі барын, оны қопара берудің керегі жоқтығын айтысатын.

Адам өліміне байланысты төтенше жағдайды тергеуді міндетіне алған арнайы комиссия тергеп-тексеріп, қылмыстық істің қозғалғаны белгілі. Әзірге құтқарушылар 3 мың текше метр балшық сырғып кеткенін айтады. ТЖД қайғылы жағдайдың алдын-ала себебі – топырақтың батпақтанып, сырғып кеткенінде дейді. Биікте тұрған үйлердің тұрғындары салған су құбыры, нөсер кәрізі немесе септиктер топырақты езіп жіберген деген де пікір айтылады.

Оқиға қалай болды

Олимпийская көшесінде таңертең "Қазселденқорғау" қызметкерлері, құтқарушылар мен жедел медициналық жәрдем бригадалары пайда болды. Адамдарды іздеуге 160 адам және 30 бірлік техника тартылды.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары (олар да қауіпті аймақта) №47 мектепке эвакуацияланды. Сол жерде штаб ашылды. Дүрбелең болмағанын айта кету керек.

"Қайғы айналып қайта келді"

- Он жыл бұрын бізде мұндай жағдай болған. Ол кезде бір қартаңдау әйел қайтыс болды, міне, қайғы айналып қайта келді: бұл жолы бірден төрт адам қайтыс болды: күйеуі, әйелі және олардың екі егіз ұлы. 2007 жылы туған балалар. Жап-жас, қыршын кетті. Ата-аналары да кәрі емес еді. Бүкіл отбасынан бір үлкен ұлы ғана қалды, ол Ресейде оқиды. Бір-ақ күнде бүкіл отбасынан айырылды. Қайғымызды сөзбен жеткізе алмаймыз, – дейді көршісі Анна Скворцова.

– Мектепте сабақтар тоқтаған, спортзалда құтқарушыларға арналған қабықшалар жатыр. Асханада құтқарушыларға тамақ беріледі - дейді аспаз Айнагүл

- Мен бүкіл отбасынан айырылған жігітті елестетсем тамағыма өксік тығылады. Бәрімізге қиын, бірақ әркім қиын сәтте өз міндеттерін орындауы керек, - дейді аспаз Айнагүл Мұханова трагедия туралы айтқанда.

Құтқарушылар шаршадық деп шағымданбайды. Штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

- Түннен бері жұмыс істеп жатырмыз. Алда әлі көп жұмыс бар. Қиындықтарға бәріміз бұрыннан үйреніп қалдық, тек адамның қайғысына үйрену мүмкін емес, - дейді ТЖД қызметкері Гүлдана Нұрынбетова.

Кім жауап береді

Тау-Самал шағын ауданы аза тұтып жатыр. Адамдар қаза тапқан отбасының қайғысына ортақтасып көңіл айтуда. Билік тек қайғылы оқиғаның салдарын жоюмен шектеліп қана қоймай, септиктерді заңсыз салған және техногендік төтенше жағдай туғызған, қауіпті беткейде салуға рұқсат берген және оған жауап беруі керек адамдарды атайды деп үміттенеді.

Серіктес жаңалықтары