Жер сілкінісінің эпицентрі Ресейде орналасқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Шығыс Қазақстан облысына қарасты Риддер тұрғындары екі балдық жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы" ЖШС-і.
10 ақпанда Алматы уақытымен 14 сағат 24 мин 58 сек (Гринвич бойынша 8 сағат 24 минут 58 секундта) жер сілкінісі тіркелген.
“Жер сілкінісінің эпицентрі Ресей аумағында Алматыдан шығысқа қарай 1023 шақырым жерде орналасқан”, - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.3. Магнитудасы – MPV 5.7. Эпицентрдің координаттары – 50.85° С. Е. 84.39° Ш. Б. Тереңдігі – 15 километр.
Естеріңізге салсақ, бүгін Алматы қаласынан 270 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелген болатын.