×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Елімізде қанша ғалым әйел бар

11.02.2024, 10:57
Ашық дереккөзден

Жыл сайын 11 ақпан  Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні ретінде атап өтіледі. Осынау атаулы күнге  орай Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау жолдап, елімізде қанша ғалым әйел бар екенін айтты, деп жазады Ulysmedia.kz  министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ғылымның жұдырықтай жұрнағын ұстаған ғалым әйелдер еліміздегі жоғары оқу орындарында, ғылым институттарында, зерттеу алаңдарында үздіксіз еңбек етіп келеді. Бұл мереке 2015 жылдан бері БҰҰ Бас Ассамблеясының бекітуімен аталып өтуде. Айшықты мейрамның баршамыз үшін орны бөлек екені ақиқат. Өйткені, нәзік жандылардың адамзат алдындағы жауапкершілігі жоғары. Ұлтты ұшпаққа шығарып, ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік қайталанбас қолтаңбасы бар әйелдер қауымына әлем қарыздар десем, артық айтпағаным болар”, – деді министр.

Белгілі болғандай, Қазақстанда 22 456 ғалым болса, оның 9 691-і әйелдер қауымы екен. Қазақтың тұңғыш әйел дәрігері Аққағаз Досжанова екенін біреу білсе, бірі білмес. Сонымен қатар халқымыздан шыққан тұңғыш геолог әйел-ғалым – Патшайым Тәжібаева.

Серіктес жаңалықтары