×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Париж келісімі: Қазақстан 57 мың жұмыс орнын қысқартуға мәжбүр болады

27.10.2021, 12:07
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжілісте осы мәселені көтерген депутат Еділ Жаңбыршин үкімет басшысының орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

Жалпы 2020 жылдан бастап жаһандық температураның 2oС-тан астам өсуіне жол бермеу туралы Париж келісімін Қазақстан 2016 жылы ратификациялаған болатын. Ал президент 1 қыркүйектегі Жолдауында ел алдына 2060 жылға қарай көміртегінен арылу міндетін қойған. Осыған орай Үкімет «Көміртегі бейтараптығына 2060 жылға дейін қол жеткізу Доктринасын» жасақтап, оған сәйкес сол кезеңде көмірмен жұмыс істейтін бірде-бір электр станциясы болмау керек.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда шығарылатын СО2-эквивалентінің 80% жуығы отын-энергетикалық сектордың үлесінде, оның 32%-ы жылу және электр энергиясын шығаруға тиесілі. Қазақстандағы электр және жылу энергиясын өндіруде көмір негізгі энергия көзі болып табылады және оның ең үлкен көміртегі ізі бар. Көмірмен жұмыс істейтін станциялар отанымыздың солтүстік энергетикалық аймағында орналасқан және осы аймақта бүкіл Қазақстанның электр генерациясының 76% өндіріліп, электр энергиясы көлемінің 2/3 тұтынылып және  халқымыздың 41% шоғырланған», - дейді ол.

Депутаттың айтуынша, осыған орай бірнеше сұрақ туындап отыр. Біріншіден, базалық режимде жұмыс істейтін электр станцияларының қуатын 40 жыл ішінде қандай генерациялармен ауыстырамыз? Мұндай базалық қуаттың деңгейін қандай альтернативалық энергия көздері өндіре алады?

«Екіншіден, еліміздің көмір жағатын станцияларында 17,5 мыңнан астам, ал көмір шығаратын орта және ірі кәспорындарда 40 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Қазақстанда көмірді пайдалануды тоқтатсақ, кемі 57 мыңнан астам жұмыс орындары қысқарады және осы өндірістердің қызметіне байланысты өмір сүріп отырған қалалар мен облыстардың жағдайы не болмақ? Көмір өндіру мен пайдалану салаларында жұмыс істеп отырған адамдарға қандай жаңа өнеркәсіп орындары ашылады? Сайып келгенде, халық, болашақта не болатынын, білу қажет қой!» - дейді депутат.

Осыған байланысты «артық қыламыз деп, тыртық қылып алмайық» дейді. Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, 2060 жылға дейінгі Қазақстан энергетикасын дамытудың Стратегиялық жоспары қабылданып, жалпы көмір өндірісін түбегейлі жоғалтпау үшін көмір химия саласын дамытудың кешенді жоспары жасақталуы керек.

Серіктес жаңалықтары