×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Жаңа қаржы министрі өз декларациясын көрсетуге дайын ба

13.02.2024, 11:11
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанның жаңа қаржы министрі Мәди Такиев өз декларациясын жариялауға дайын екенін мәлімдеді. Алайда оның айтуынша, қазақстандықтар құжаттан ештеңе түсінбеуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкіметтегі брифинг барысында журналистер қаржы министрінен табысы туралы декларациясын көрсетуге дайын ба, әлде оның алдындағы Ерұлан Жамаубаев сияқты созып, ақыры тапсырмай кете ме деп сұрады.

– Шенеуніктердің декларациялары 2025 жылдан бастап жарияланады. Менің декларацияма келер болсақ, әрине, жариялай аламын, бірақ сіз ол жерде ештеңе түсінбейсіз. Тіркелген мүлікті көрсетудің қажеті жоқ, өйткені ол мемлекеттік органдардан тартылады, - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар Жамаубаевтың тұсындағы жалпыға бірдей декларациялау тетігін енгізуді сынға алған еді. Биыл салық декларацияларын бизнес өкілдері - заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, ЖК, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруы тиіс.

Серіктес жаңалықтары