×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Еліміздегі "ең бай" зейнеткер айына қанша алады

13.02.2024, 17:14
Коллаж Ulysmedia

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы "ең бай" зейнеткер туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналист министрден "Қазір 750 мың теңге зейнетақы алатын адам бұрын қанша жалақы алған?” деп сұрады.

Министр ең көп зейнетақы иесінің бұрын қанша жалақы алғанын айта алмайтынына алға тартты.

"Оның 1998 жылдан бері жоғары жалақы алатын лауазымдарда жұмыс істегені рас. Шамасы, ол максимал мөлшерде төлем жасаған. Меніңше, ол конвертпен алмай, әр жалақысынан 10 пайызды тікелей аударып, осындай зейнетақы алып отыр. Бәрінде осындай зейнетақы болсын деп тілеймін", - деді Светлана Жақыпова.

Белгілі болғандай, 2023 жылы елімізде 3,3 триллион теңгенің зейнетақысы төленген. 

Серіктес жаңалықтары