×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Марат Жыланбаев денсаулығына байланысты аштықты тоқтатты

16.02.2024, 09:57
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz тілшісіне мұны адвокаты Мейіржан Досқараев хабарлады.

– Аштықты дүйсенбіде тоқтатты. Денсаулығына байланысты, – дейді Мейіржан Досқараев.

Жеті жылға сотталған Марат Жыланбаев бұған дейін үкімнің күші жойылғанға дейін ұзақмерзімдік аштық жариялайтынын айтқан. 

Мұның алдында Астана қаласының қалалық соты тіркелмеген оппозициялық "Алға, Қазақстан!" партиясының көшбасшысы Марат Жыланбаев апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарған еді.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Марат Жыланбаевты былтыр қарашада жеті жылға соттаған еді. Белсендіге “тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты” және “терроризмді қаржыландырды” деген айыптар тағылған.

Марат Жыланбаев бұған дейін де бірнеше рет аштық жариялаған. Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін оны босатып, оған тағылған айыптарды алып тастауға шақырған болатын.

Марат Жыланбаев – қазақстандық марафоншы, тіркелмеген "Алға, Қазақстан" оппозициялық партиясының төрағасы. Ол әлемдегі ең үлкен шөлдермен жүгірген жалғыз адам. Былтыр «Ар-Бедел» қоғамдық қоры белсендінің сөздерінен кейін Жыланбаевты экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау бойынша сотқа берді. Жыланбаев талап арызды жеңіп алды.

Ол 1963 жылы 19 тамызда Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол планетаның ең ірі шөлдері – Азия, Африка, Австралия және Америкада жүгірген жалғыз адам. Оның әрбір жүгірісі кем дегенде 1200 км құрады. Халықаралық ультрамарафон жарыстарының жеңімпазы және жүлдегері. Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген 7 әлемдік рекордтың иесі.

Серіктес жаңалықтары