×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Жетібайдағы мұнайшылардың ереуілі екі ай бойы жалғасуда

18.02.2024, 07:44
Азаттық

Екі ай бойы West Oil Software жұмысшылары ереуілде жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жуырда Жетібайдағы ереуілге шыққан West Oil Software жұмысшылары "ҚазМұнайГаз" мәлімдемесіне жауап берген болатын.

– Олар жала жабады. Желіде жалған ақпарат таратады. Біз тексеру жүргізуді және тиісті шаралар қабылдауды талап етеміз, - дейді жұмысшылар.

Бұған дейін ҚМГ Маңғыстау облысындағы Жетібай кен орнында 11 желтоқсаннан бастап ереуіл жалғасып жатқан WestOilSoftware қызметкерлерімен еңбек қатынастарын тоқтату туралы мәселе қаралып жатқанын хабарлаған болатын.

Компанияның мәлімдеуінше, залал миллиард теңгені құрайды.

– Осыған байланысты жұмыс беруші ереуілге қатысушылармен еңбек қатынастарын тоқтату туралы мәселені заңнамаға сәйкес және сот шешімі бойынша біржақты тәртіппен қарайды. Бұдан басқа, ҚМГ еншілес ұйымдарда қосымша штат ашпайды және жаңа еншілес ұйым құрмайды, — делінген хабарламада.

West Oil Software жұмысшылары 2023 жылдың 11 желтоқсанында ереуілге шыққан. Олар өзі қызмет ететін компанияны "ҚазМұнайГазға" қосуды, сондай-ақ оларға бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесін таратуды және материалдық-техникалық базаны жаңартуды талап еткен.

Кейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ереуіл жайлы ойын айтып, қажет болған жағдайда облысқа баруға дайын екенін айтқан, бірақ әзірге мәселе тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы қарым-қатынас шеңберінде болатынын мәлім еткен.

ҚМГ төрағасы Мағзұм Мырзағалиев компания ереуілге шыққан жұмысшыларды штатқа қабылдай алмайтынын айтты. WestOilSoftware техникасын жаңартуға деп уәде берді.

Серіктес жаңалықтары