×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері үшін қазақ тілі курсы ашылды

19.02.2024, 08:01
dimashnews.com

Испанияда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері үшін қазақ тілі курстары басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сабақ апта сайын онлайн форматта өткізіледі. Алайда оқытушы Сандуғаш Тоқтаубаеваның айтуынша, жақын арада тағы бір топ ашу жоспарланып отыр, өйткені испандықтар ішінде қазақ тілін үйренуге ниетті азаматтар артып келеді.

Студенттер сабаққа белсенді қатысып, қазақ тілін зор ықыласпен меңгеруде.

Мәдениет пен тілдегі айырмашылықтарға қарамастан, Испаниядағы Димаштың жанкүйерлері оның шығармашылығын терең түсінуге тырысады. Олар әншінің дауысы оларға тіл кедергілерін жеңуге және сезім сырын алмасуға мүмкіндік береді деп сенеді. Әртіспен және оның мәдениетімен тығыз байланыста болу үшін оларға тіл қажет, сол үшін Қазақстан елшілігі ұйымдастырған қазақ тілінің онлайн курсы бұл үшін тамаша мүмкіндік беретінін мойындайды.

Димаштың жанкүйерлері оқу мүмкіндігіне ризашылық білдіріп, болашақта мақтанышпен қазақша сөйлей алатын боламыз деп үміттенеді:

– Біз Испаниядан келдік және Димаш Құдайбергеннің ана тілінде сөйлейміз, – дейді олар.

Серіктес жаңалықтары