×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

«Мүмкін емес»: министр мектептерде намазхана ашу жайлы

20.02.2024, 11:34
Коллаж: ulysmedia.kz.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа бұл сұрақты журналистер үкіметтің баспасөз орталығында қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мектеп, ең алдымен, тәрбие мен білім ошағы. Сондықтан мектепте ұстаздарымыз балаларды міндетті түрде білім беруге бағыттауы керек. Үнемі айтып жүрміз, – деді Бейсембаев.

“Үзілді-кесілді мүмкін емес” деп жауап берді министр бұл сұраққа.

Әңгіме неден шықты?

Күні кеше әлеуметтік желіде оқушылардың мектепте намаз оқыған видеосы тараған болатын. Бейнежазбадан бір топ баланың сәждеге жығылып жатқанын байқауға болады. Онда мектеп партасы да көрінеді. Спорттық киім киген балалардың қай өңірдің, қай мектептің шәкірттері екені әзірге беймәлім. Ал заң бойынша оқу орындарында діни рәсім жасауға тыйым салынғаны белгілі.

Серіктес жаңалықтары