×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

«Мектептен мемлекеттік тілді білмей шығады»: қазақ тілінен оқушыларды жаппай емтихан күтіп тұр

20.02.2024, 13:15
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанның оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биыл оқушылардың бәрі қазақ тілінен емтихан тапсыратынын айтты. Министр 11 жыл бойы қазақ тілін оқыса да, тіл білмей шығатын оқушыларға байланысты көп сұрақ туындайтынын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкіметте өткен брифинг барысында Ғани Бейсембаевтан 5-9 сынып оқушылары тапсыратын емтихан жөнінде сұрақ қойылды. Атап айтқанда, министр емтихан тапсыра алмайтын оқушыларға қандай шара қабылданады деп сұралды.

Бейсембаевтың айтуынша, емтихандар қазақ тілін оқыту мен білімнің сапасын арттыру үшін енгізілген. Министр халық тарапынан ведомство атына көп сын келіп түсетінін, өйткені балалар қазақ тілін 11 жыл бойы оқығанымен, мектеп табалдырығынан мемлекеттік тілді білмей кететінін атап өтті.

– Енді көрейік, негізінен, мұны бірінші рет енгіземіз. Қазір үлкен дайындық жүріп жатыр. Біз балаларға да, мұғалімдерге де үлкен қызығушылық танытамыз. Сондықтан осы емтихандар аяқталғаннан кейін ғана ақпарат бере аламыз, - деді министр.

Емтихан тапсыра алмайтын оқушыларды қандай да бір жазаны күтіп тұр ма деген сұраққа министр тест баланы пәнді жақсы оқытуға ынталандыруы керек деп жауап берді. Яғни, ондай балаларға еш жаза қарастырылмаған.

– Министрліктің ұстанымы жазалауға емес, тіл үйренуге ынталандыруға көбірек бағытталған. Жаза болмауы керек, - деп қосты ол.

Серіктес жаңалықтары