×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысы көтеріледі

Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысы көтеріледі
Фото: © AP Photo / Sergei Grits

Астана қалалық автобусында жол жүру ақысын қолма-қол ақшасыз төлеген кезде 20 теңге артық төлеу керек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елорда әкімдігі қалалық және қала маңындағы қоғамдық көліктерде жол жүрудің жаңа тарифін талқылауға шығарды. Құжатты Ашық НҚА порталында 5 наурызға дейін талқылауға болады.

Қалалық автобустарда жол жүрудің бірыңғай тарифін қолма-қол ақшасыз төлеу үшін 110 теңге деп белгілеу ұсынылып отыр. Сондай-ақ олар қалалық және қала маңындағы маршруттар бойынша сапарларға сараланған тарифтер белгілейтін болады. Барлық бағалар жолаушылардың қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалануын ескере отырып белгіленеді.

Жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобильмен тасымалдау бағасы 250 теңге, жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау – 110 теңге, жолаушылар мен багажды қала маңындағы автомобильмен тасымалдау – километріне 9,5 теңге болады, - делінген әкімдіктің қаулысында.

Қоғамдық көлікте қолма-қол ақшамен жүру қымбатырақ болады. Қала бойынша автобуспен – 250 теңге, жедел пойызбен – 350 теңге, әлеуметтік маңызы бар бағыттарда – 220 теңге. Қала маңына көлікпен бару километріне 9,5 теңгенің орнына 14 теңге тұрады.

Жол жүру ақысын төлеудің электронды жүйесі жұмыс істемей қалған жағдайда электронды жол жүру құжатын немесе қосымша электрондық төлем қызметтерін пайдалана отырып төлейтін жолаушы тегін жол жүруге құқылы, – деп түсіндірді Астана әкімдігі.

Елордалық автобустардың жолақысы бірқатар өңірлерге қарағанда біршама қымбаттайды. Павлодарда қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін жол жүру ақысын 100 теңгеге дейін көтеру ұсынылды.