×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Кәмшат Жолдыбаеваға орамал таққызған кім

25.02.2024, 11:03
Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Кәмшат Жолдыбаевамен отау құрған актер Ғазрет Ержанов жұбайының имиджіне қатысты пікірін білдірді, деп жазады Ulysmedia.kz.

"Отбасын құрған соң мүмкін іштей өзгерген шығармын. Қалғанының бәрі орнында. Ал Кәмшаттың иммиджін өзгертуіне әсер етуім де мүмкін. Бірақ оған "сен былай киін" деп ешқашан айтпаймын. Бізде барлық мәселелер талқыланады. Жалпы екеуміз кездескеннен бастап екі жыл бойы Кәмшат психология саласын зерттегенін білемін", - деді Ғ.Ержанов.

Естеріңізге салсақ, Instagram-да 2,9 млн жазылушысы бар Кәмшат Жолдыбаева хиджабқа толық көшпегенімен, бұрынғыдай ашық-шашық киінуден түбегейлі бас тартып, ұзын етек көйлек киюі, басына орамал тартуды әдетке айналдыруы желідегі жұртқа жаңалық бола қойған жоқ. Өйткені оған дейін Жолдыбаеваның өзге әріптестері – танымал блогерлер де жаппай орана бастаған-ды. Бұдан бұрын “орамалға келген” Кәмшат Жолдыбаева араб тілін үйреніп жүргенін айтқан.

Серіктес жаңалықтары