×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстан аумағында Ресейдің қанша әскері бар

28.02.2024, 11:00
Коллаж Ulysmedia

Бұл сұраққа мәжіліс кулуарында Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс кулуарында Жазықбаевқа қойылған журналистердің сұрағы мен жауаптар

– Қазақстаннан жалға алған полигондарда Ресей әскері беспилотниктердің қандай түрлерін қолданып, жаттығу өткізеді? Украинада жарылып жатқан зымырандардың алдымен, Қазақстанда сынақтан өтетіні рас па?

– Ондай полигон бар. Бірақ олар беспилониктер емес.Олар қарапайым рекаталарды пайдаланады. Сарышаған полигоны бар. Екі ел арасында 1993 жылы жасалған келісімге сәйкес, Сарышаған полигоны 2030 жылға дейін берілген. Ол жерде Ресей Федерациясының 110-шы оқу орталығы бар. 

– Ол полигонда қарудың нақты қандай түрлері сынақтан өтеді? Қандай ракеталар?

– 200 шақырымға дейін ұшатын ракеталар. Ол полигондарда ешқандай инфрақұрылым немесе елдімекен жоқ. 

– Биыл және былтыр қанша ракетаны олар сынақтан өткізді?

– Жылына бар-жоғы 560. 

– Ол жерде Ресейдің қанша әскері бар?

– Жалпы Қазақстан аумағында 900 адам.

- Қазақстанда сынақтан өтетін ракеталар Украинада қолданыла ма?

- Жоқ, ондай ақпарат менде жоқ.

Серіктес жаңалықтары