×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстандықтардың жеке куәлікте туған күні өзгеріп кеткен: ҰАТ халықтан кешірім сұрады

01.03.2024, 13:59
Коллаж: ulysmedia.kz.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин қазақстандықтардың мобильді қосымшасындағы жеке куәліктегі қателік үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні UTC +05.00 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу жұмыстары жүргізілді. Біз «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ контурындағы 64 ақпараттық жүйе орналасқан 11 мыңнан астам виртуалды серверлер бойынша (eGov.kz порталы, egov mobile мобильді қосымшасы, e-license порталы, «Е-Нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі, «Техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі», «e-Otinish» электронды үндеу қызметі және т.б. ақпараттық жүйелер) жаңартулар жүргіздік. Мемлекеттік органдар өз құзыретіндегі ақпараттық жүйелер бойынша осындай жұмыстарды жүргізді, – дейді Ростислав Коняшкин

Оның хабарлауынша, жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметтерді eGov.kz арқылы алу да әдеттегідей қолжетімді.

– «Цифрлық құжаттар» сервисінде деректердің дұрыс көрсетілмеуінің жеке жағдайлары анықталды. Қазіргі уақытта біз барлық қажетті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз және ағымдағы деректер жақын арада қолжетімді болады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - дейді  Ростислав Коняшкин.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың кейбірі ұялы телефонының мобильді қосымшасындағы жеке куәлігінде туған күнінің датасы өзгеріп кеткенін байқаған болатын. 

 

Серіктес жаңалықтары