×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«Бір күнге қартайып қалдық»: қазақстандықтардың жеке куәлікте туған күні өзгеріп кеткен

01.03.2024, 11:21
Коллаж: ulysmedia.kz.

Жаңа уақыт белдеуі 1 наурыздан бастап енгізіліп, ел ішінде бұл өзгеріске байланысты әртүрлі пікір білдіріп жатқандар бар. Осы өзгеріспен қатар, бір қызығы, қазақстандықтардың кейбірі ұялы телефонының мобильді қосымшасындағы жеке куәлігінде туған күнінің датасы өзгеріп кеткенін байқаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Кеше ғана 10 қаңтарда туған ұлан едім. 1 сағат артқа жылжытамыз деп 1 күнге қартайтып жіберіпті, – деп жазады журналист Бақытнұр Әлібай.

Әлеуметтік желі қолданушысы Меруерт Боқанова да “аяқ астында бір күнге қартайып қалғанын” жазады.

Ulysmedia.kz порталына жеткен ақпарат бойынша Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы істің мән-жайын анықтап, қате түзетіліп жатқаны жөнінде ақпарат келді.

Жаңа уақыт белдеуі

Қазақстан бүгіннен бастап жаңа уақыт белдеуіне көшіп, бүкіл елде уақыт теңестірілді. 

Үкімет басшысы таяуда Қазақстан аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы қаулыға қол қойған еді. 

Құжатқа сәйкес, елде Қазақстанда уақытты есептеу сағат белдеулерінің халықаралық жүйесі бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу қолданылады. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырады.

19 қаңтарда үкімет Қазақстанның барлық аумағында UTC+5 уақыт белдеуін енгізу туралы қаулыны бекіткен еді.

Серіктес жаңалықтары