×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Айдын Рахымбаев ауылға ақша құюға шақырды

03.03.2024, 08:59
әлеуметтік парақшадан

BI Group басшысы Айдын Рахымбаев IQ Club жоспарлары туралы бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Біздің IQ Club мемберлері үшін көшбасшылық бағытында шеберлік сыныбын өткіздім. Әр түрлі салада еңбектеніп жүрген кәсіпкерлердің ұқсас құндылықтары бар. Соның ішінде ауыл балаларына білім беруге көмектесу – басты назарда. Олардың әрқайсысы жерлестеріне, балаларға көмектеседі және IQanat бағдарламалары аясында олардың дамуына ақы төлейді. Осындай 150 қамқоршы бар", - деді ол.

Рахымбаев бағдарлама ауыл балаларына көмектесетінін айтты.

“Еліміздің барлық өңірлерінен келген ауыл оқушыларына көмек көрсету маңызды. Олар тек қаржылық жағынан ғана емес, сонымен қатар балаларды жетістікке жету үшін ынталандырады. Негізінен, ортаңқол кәсіпкерлер атсалысуда, бұл оларға үлкен мәртебе береді", - деп қосты ол.

BI Group басшысы IQ Club-қа жыл сайын ауыл балаларын дамытуға 4 млн теңгеден астам қаражат салуға дайын кәсіпкерлерді шақырады.

“БҚО, Түркістан және Алматы облыстарында қамқоршылық үшін әлі де бос аудандар бар. Барлық ниет білдірушілермен байланысқа шығуға әзірмін”, - деп түйіндеді ол.

Айдын Рахымбаев – кәсіпкер, меценат. 2020 жылы Қазақстанның ең бай 50 бизнесменнің тізімінде 11-ші орынды (жеке жағдайы 5 514 млн-ға бағаланады), Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендерінің тізімінде 5-ші орынды иеленді.

Серіктес жаңалықтары