×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Кабирхан Дубайда өткен додаға қатысқан жоқ

03.03.2024, 16:18

Қазақ сәйгүлігі Кабирхан бүгін Дубайда өткен Dubai Racing Carnival: Super Saturday жарысына қатыспады. Бапкер Даг Уотсон мен аттың иесі Тілек Мұханбетқалиев осындай шешімге келген. Есесіне, 30 наурызда өтетін Әлем кубогында бақ сынайды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Әу баста Кабирхан Дубайдағы бәйгеге тіркелген болатын. Жүлде қоры 1,7 миллион долларды құрайтын аламанда (3 шақырым) жарыс жолына шығады деп күтілген-ді. Алайда Әлем кубогына дұрыс дайындалу үшін бұл жарысқа қатыспауды ұйғарыпты. 

Кабирхан қатысатын Әлем кубогының жүлде қоры – 7,5 миллион доллар. Қазақстан сәйгүлігі 3,2 және 2,5 км қашықтыққа тіркелген. 

Естеріңізге салсақ, "Кабирхан" Дубайда өткен Al Maktoum Challenge Presented by Longines бәйгесіне қатысып, топ жарған болатын.

Серіктес жаңалықтары