×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне екі қазақстандық олигарх енді

06.03.2024, 09:35
Коллаж: ulysmedia.kz.

Bloomberg миллиардерлерінің жаһандық индексі жарияланды. Тізімде Қазақстанның екі өкіліне орын табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Біздің еліміздің ең бай өкілі – KAZ Minerals Ltd акционері, президенті және атқарушы емес директоры Владимир Ким. KAZ Minerals тобының құрамына Павлодар облысындағы Бозшакөл ашық үлгідегі және Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай кеніштері, Шығыс Қазақстандағы үш жерасты кеніші, Қырғызстандағы Бозымшақ алтын мыс кеніші және РФ-дағы Баим кен орны кіреді. Оның байлығы 7,1 миллиард долларды құрайды.

Үздік 500-дікке, дәлірек айтсақ, 492-ші орыннан Kaspi.kz-нің үш ірі акционердің бірі көрінді. Ол – 54 жастағы Вячеслав Ким. Оның байлығы 5,7 миллиард теңгеге тең.

Тізімнің басында Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос тұр. Оның байлығы – 200 миллиард доллар. Ол әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде SpaceX иесі Илон Маскты және LVMH Moet Hennessy – Louis Vuitton директорлар кеңесінің төрағасы Бернард Арноны басып озды.

Серіктес жаңалықтары