×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

«Қызметкерді қазақ тілін білмегені үшін жұмыстан босатқан»: «Қазпошта» пікір білдірді

Фото: ашық дереккөз

«Қазпошта» қазақ тілін білмегені үшін компания қызметкерінің жұмыстан босатылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін Қазнетте «Қазпошта» АҚ филиалдарының бірінде болды деген оқиғаның видеосы тарап кеткен болатын.

Пошта қызметкері келушіні түсінбей, тіпті оның не айтып тұрғанын түсіну үшін күзетшінің көмегіне жүгінген. Осыдан кейін ол жұмыстан шығарылды, - делінген Telegram-арналардың бірінде.

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, жағдай осыдан бірнеше жыл бұрын компанияның тағылымдамадан өтушінің біріне қатысты болған.

Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Қазпошта» АҚ қызметкерінің тілді білмеуіне байланысты жұмыстан босатылғаны туралы жалған ақпарат таралуда. Таратылған бейнежазбада сипатталған жағдай 2021 жылдың сәуір айында орын алған, сол кезде жұмыспен қамту бөлімінен тағылымдамадан өтуші Қазпошта бөліміне электронды кезек талондарын беру функцияларын орындау үшін жіберілген. Тағылымдама кезінде клиенттердің бірі оған мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеді деп ескерту жасаған, - деп түсіндірді «Қазпошта».

Пошта әкімшілігі клиентке «Қазпоштаның» барлық қызметтері екі тілде көрсетілетінін ауызша және жазбаша түсіндіріп бергені атап өтілген.

Тәжірибе аяқталғаннан кейін тағылымдамадан өтуші «Қазпошта» АҚ-ға жұмысқа орналасудан бас тартты. «Қазпошта» АҚ заң үстемдігі, теңдік және әділеттілік қағидаттарын ұстанады. Осылайша, таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, - деп толықтырды «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары