×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Пәк қыздар тізімі»: министр Нұрбек ҚазҰУ студенттер жайлы мәліметті не үшін жинағанын түсіндіре алмады

06.03.2024, 14:10
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығы не себепті қыздардың пәктігі жайлы мәліметтерді жинағанын түсіндіріп бере алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс кулуарында журналистер Нұрбектен ҚазҰУ-дың сенсациялық "пәк қыздар тізімі" бойынша тергеудің қалай жүріп жатқанын сұраған.

– Тергеу жүріп жатыр, оның ішінде құқық қорғау органдарын тарта отырып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Не анықталды? Шындығында, қателік осы құпияны таратқан медицина орталықтан, сондағы қызметкерден кеткен. Бәрін ретімен түсіндірейін, туберкулезді анықтау көзделген, физика-математика факультетінің флюорографиядан өтпеген студенттері болған. Медициналық орталықтың қызметкері одан өтпеген студенттердің тізімін жіберді, бірақ ол жерде қосымша ақпарат қоса кеткен. Шын мәнінде, ол тек студенттердің тізімін беруі керек еді, бұл студенттер флюорографиядан өтпеген. Мұны деканат қызметкері де көрмеген немесе маңызды деп санамаған. Сол файлды алған күйде кураторлармен бірге бүкіл деканатқа ақпараттық бюллетень жасаған, студенттердің флюорографиядан өтуін қадағалауды тапсырған, - деді министр.

Министр бұдан әрі ең маңыздысы, атап айтқанда, университетте студенттер арасында "вирго" мәртебесін анықтау үшін сауалнама жүргізілгенін атап өтті.

– Шын мәнінде, студенттердің бірі маманның, гинекологтың бағалауынан өткен, екіншісі өтпегнен. Яғни, анықтау мақсаты көзделмеген. Бұл жай ғана гинекологтың стандартты емтиханы және олар медициналық формада жазылады. Мұнда екі қате орын алды — медициналық орталық мұндай форматта жіберілмеуі керек еді, деканат та екі рет тексеруі тиіс болған, - дейді ол.

Журналистердің университет медициналық орталықтан "вирго" мәртебесі туралы мәліметтерді не үшін талап еткені туралы сұрағына министр жауап бере алмады. Тергеу нәтижелерін күтуді ұсынды.

Бұған дейін ҚазҰУ шу тудырған оқиғаға қатысты түсініктеме берген болатын.

2024 жылғы 6 ақпанда университетке келісімшарт негізінде медициналық қызмет көрсететін «Smart Health University City» ЖШС медбикесі What’s app мессенджері арқылы механика-математика факультетінің флюорографиялық зерттеуден өтпеген 3-4 курс студенттерінің Excell форматындағы құжаттарын факультет деканатының маманына жіберді.

Алайда берілген құжаттарда студенттердің тегі мен аты-жөнінен басқа, медициналық құпияға қатысты мәліметтер де болған. Кейіннен университет студенттеріне қатысты дәрігерлік құпияны құрайтын дербес деректер мен мәліметтер мессенджерлер арқылы тарап кеткен, - делінген хабарламада.

ҚазҰУ баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы факт бойынша 2024 жылғы 14 ақпанда университетте қызметтік тексеру тағайындалды.

Сонымен қатар Алматы қаласының прокуратурасына осы факт бойынша прокурорлық әрекет ету шараларын қабылдауды және студенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуді сұрап өтініш жолданды. Университет «Smart Health University City» ЖШС-мен шартты бұзу туралы мәселені қарастыруда, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары