×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстанда ипотекалық несие алушылар азайып кетті

06.03.2024, 16:45
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты туралы баяндамасында жазылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Төртінші тоқсандағы өсу қарқынының баяулауына қарамастан, халыққа берілетін кредиттер жалпы кредиттеудің өсуінің негізгі драйвері болып қала береді. Халыққа берілетін кредиттер құрылымында жылжымайтын мүлік нарығындағы сұранысты қалыпқа келтіру жағдайында ипотеканың өсу қарқынының айтарлықтай баяулағаны байқалады. Сонымен қатар бөліп төлеудің кең таралуы және көрсетілетін қаржылық қызметтерді жедел цифрландыру аясында тұтынушылық кредиттеу динамикасы өсу қарқынының жеделдеуін көрсетеді, – делінген есепте.

Ұлттық банктің хабарлауынша, халыққа кредиттердің өсуі (қалдықтар) жылдық мәнде ең алдымен ипотеканың өсу қарқынының 21,2%-дан 14,2%-ға дейін төмендету есебінен 2023 жылғы қыркүйектегі 28,0%- дан желтоқсанда 26,7%-ға дейін шамалы баяулаған. 2023 жылы берілген жаңа ипотекалық кредиттердің көлемі 17,2%-ға азайған. 

– Ипотекалық кредиттеу динамикасы жылжымайтын тұрғын үй мүлігіне бұрын іске асырылған сұраныс, мемлекеттік ынталандырудың қысқаруы және «Отбасы банктің» аралық қарыздары бойынша талаптардың қатаңдауы аясында өсудің біршама баяулағанын көрсетуді жалғастырып отыр. Ипотекалық кредиттер бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме 10,5% деңгейінде қалып, қыркүйекпен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ, – делінген есепте.

Тұтынушылық кредиттеудің жылдық өсімі қыркүйектегі 31,1%-дан желтоқсандағы 34,2%-ға дейін жеделдеген. Ұлттық банк бұған банктердің қарқынды маркетингтік іс-шараларымен, жеделдетілген цифрландырумен және жоғары инфляциялық күтулермен ынталандырылған бөліп төлеудің кең таралуы ықпал еткенін хабарлайды.

Серіктес жаңалықтары