×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Алаяқтық жасаған Өтемұратов 5 жылға сотталды

06.03.2024, 18:23
Фото: gov.kz

Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Данияр Өтемұратовқа қатысты үкімді өзгертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақпан айында оны Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы алаяқтық жасады деп танып, 5 жылға бостандығын шектеу жазасы берілген. Прокурордың апелляциялық шағымы негізінде іс қайта қаралып, жазаны 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінде өтеуге ауыстырылды.

Данияр Өтемұратов сот залында қамауға алынды. 

2023 жылғы 13 қарашадан 2024 жылғы 2 ақпанға дейін қамауда ұстау уақыты жазаны өтеу мерзіміне, қамаудағы бір күні жазаны өтеудің 1,5 күні ретінде есептеледі.

Серіктес жаңалықтары