×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Әйгілі Майк Тайсон рингке оралады: оның қарсыласы кім

08.03.2024, 14:44
Фото: Ашық дереккөзден

Аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон америкалық блогер Джейк Полмен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Netflix қарсыластардың көз арбасқан бейнесін жариялады. Жекпе-жек дәл осы платформада көрсетіледі.

Тайсон мен Пол жекпе-жегі кәсіби бокс немесе аралас жекпе-жек форматында өтетіні әзірге белгісіз. Майк Тайсон өзінің соңғы жекпе-жегін 2005 жылы өткізген. Ол мансабын 50-6, 44 КО-мен аяқтаған.

Тайсон WBA, IBF және WBC ауыр салмақтағы әлем чемпионы болды. Қазір ол 57 жаста.

Джейк Полға келетін болсақ, 27 жастағы блогер 2020 жылдан бері кәсіпқой бокста. 9-1, 6 КО рекордына ие.

Forbes журналы құрастырған 2018 жылғы ең көп жалақы алатын YouTube блогерлерінің рейтингінде Джек Пол екінші орында. Журналдың мәліметі бойынша, Джек Пол жүргізетін блогтың кірісі 2018 жылы 21 миллион доллардан асқан.

Серіктес жаңалықтары