×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Танымал әнші жер сілкінісі салдарынан Алматыдағы концертін кейінге шегерді

08.03.2024, 18:18
Әлеуметтік желіден

4 наурызда болған жер сілкінісінен кейін әнші Inna Алматыдағы концертін кейінге шегерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Румындық Inna әншісі Алматыдағы жер сілкінісі салдарынан Қазақстандағы концерттердің күні ауыстырылғанын хабарлады.

"Өкінішке қарай, осы аптада Алматыда болған жер сілкінісіне байланысты промоутерлер қауіпсіздік басты басымдық деп шешіп, концерттерді кейінгі мерзімге ауыстыру туралы күрделі шешім қабылдады. Мен ертең бірге көңіл көтере алмайтынымызға өкінемін, бірақ қауіпсіздік бәрінен де жоғары", - деп жаздя әнші әлеуметтік желіде.

Концерттер 8 және 9 наурызда өтуі керек еді. Олар 29 сәуірге Алматыға және 30 сәуірге Астанаға көшірілді.

Зілзала

2024 жылдың 4 наурызы сағат 11.22-де Алматыда бұрынғыдан да қатты жер сілкінісі болды. Жер сілкінгенін сезіп, дабыл белгісін естіген алматылықтар көшеге шығып, қауіпсіз орын іздей бастаған. ТЖМ табиғи жайтқа “қатты жер сілкінісі” деп баға берді. Жер дүмпуінің магнитудасы 5 балға жетті.

Ал Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев жер сілкінісі қайталануы мүмкін екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары