×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматыда белсенді Рысбек Сәрсенбайұлы ұсталды

09.03.2024, 11:58
Алматыда белсенді Рысбек Сәрсенбайұлы ұсталды
Азаттық

Белгілі қоғам қайраткері, журналист және белсенді Рысбек Сәрсенбайұлы бүгін сағат 11-де Алматыда ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы адвокат Айнұр Айдарханова мәлімдеді. Оның айтуынша, Рысбек Сәрсенбайұлы мен құқық қорғаушы Маржан Аспандиярованы Талғар ауданының полиция басқармасына алып кеткен.

Ұстау себебі әлі хабарланған жоқ. Осы уақытта Сәрсенбайұлы Алматыдағы Республика алаңында "саяси тұтқындары жоқ Тәуелсіз мемлекет" атты баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлағаны белгілі.

Сәрсенбайұлы митинг емес, тек журналистермен және блогерлермен әңгіме өткізетінін айтты.

Рысбек Сәрсенбайұлы – Алтынбек Сәрсенбаевтың ағасы.

2006 жылғы 13 ақпанда бұрынғы ақпарат министрі және оппозиционер Алтынбек Сәрсенбайұлы оққағары мен жүргізушісімен бірге өлі күйінде табылған болатын.

Кісі өлтірушілер сотталғанымен, оппозицияның жақтастары ресми мәліметтерге сенбейді. Алтынбек Сәрсенбайұлы мемлекеттік қызметте 12 жыл жұмыс істеді және Қазақстандағы оппозицияның көшбасшысы болды.