×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Атыраудағы қамыс өрті әлі сөндірілген жоқ

09.03.2024, 15:14
ТЖД

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде «Құрманғазы орман шаруашылығы» КММ аумағында Каспий теңізінің жағалауында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәліметке сай, бару қиын батпақты аймақта 148 гектар аумақта қамыс жанып жатыр. Сөндіру жұмыстарына қол жетпейтін батпақты рельеф қиындатып отыр. 

"Өрттің жалпы аумағы 2500 гектарды құрайды, оның 277 гектары төтенше жағдайлар қызметінің күшімен сөндірілді, 2075 гектары өздігінен жойылды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. 
Өртті жоюға 56 адам, 9 мотопомпа, 11 моторлы қайықтан тұратын ТЖ, орман шаруашылығы, ЖАО күштері мен құралдары тартылды" делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары